Мұғалімдердің еңбек демалысына қанша төленеді

elements.envato.com
elements.envato.com
Жиынтық маманның жүктемесіне байланысты реттеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мұғалімдердің еңбек демалысының төлемі қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Мұғалімдердің еңбек демалысының ақысы қанша күнге және қалай төленеді? – деп редакциядан министрлік өкілдеріне сұрақ жолданды.

Бұған дейін Наталья Жұмаділдаева мұғалімдер 56 күндік еңбек демалысына шығатынын айтты. Сондай-ақ экологиялық апатқа жататын өңірдегі мұғалімдер 65 және 66 күн демала алады.

- Мұғалімдердің еңбек ақысы Үкіметтің қаулысымен реттеледі. Осы ретте еңбек ақысы мен еңбек демалысының төлемі мұғалімнің жүктемесіне, біліктілік санатына және еңбек өтіліне байланысты болады. Осы жиынтық бойынша оның жалақысы мен демалыс ақысы есептелінеді, - деп түсіндірді вице-министр брифингте.

Оның сөзінше, бұл сұрақтар тарифке байланысты жеке-дара есептеледі.

Оқи отырыңыз: Мектебім, саған мың алғыс: 186 мың түлек үшін соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады 

Новости партнеров