Алматының 13 педагогі мектеп директорларының республикалық кадрлық резервіне енді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Бұл жоба биыл да жалғасын таппақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кадрлық резервке тіркелген үміткерлер 6 айдың ішінде іріктеуден өтіп, жеке, кәсіби, басқарушылық, аналитикалық дағдылар мен құзыреттерін дамытты.

Барлық 5 кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне барлық өңірден 208 кандидат кірді.

Оның ішінде үздіктер қатарынан табылған Алматы қаласының 13 педагогі мектеп директорларының республикалық кадрлық резервіне енді. Қазіргі таңда осы үміткерлер арасынан 7 педагог ешқандай конкурстық рәсімсіз басшылық лауазымға тағайындалды:

«№171 жалпы білім беретін мектеп» КММ, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маджара Венера Маратқызы «№171 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып бекітілді.

«№69 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мунбаев Болат Ханатұлы «№209 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

«№179 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Мұратбаев Ерлан Отанұлы «№184 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

«№121 жалпы білім беретін мектеп» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Панаева Марзия Чакратовна «№121 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып бекітілді.

«№34 гимназия» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Жамали Сауле Серікбекқызы «№118 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

«№172 мектеп-гимназия» КММ, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Имашева Алмагүл Отанқызы «№195 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар «М. Мақатаев атындағы №140 гимназия» ШЖҚК, Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағынғалиев Даурен Наурызбайұлы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан мектептің кураторы болып бекітілді.

Жаңа буынның менеджерлері жаңа мектептермен, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептермен қамтамасыз ету мәселесін шешуге үлес қосады деп жоспарлануда. Бұл жоба биыл да жалғасын таппақ. Оған барлық қызығушылық танытқан мұғалімдер қатыса алады.

Новости партнеров