Қызметкерлер 37 мың теңге алғысы келген оралдық әйелді әуре-сарсаңға салып қойған

kyzylorda-news.kz
kyzylorda-news.kz
Әйел екі қызын жалғыз тәрбиелеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал тұрғыны Татьяна Ефремова өз құқығын қорғап, мемлекеттен тиісті төлемдерді талап етуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ол толық емес отбасы санатына жатады және асыраушысынан айырылғаны үшін мектепке мемлекеттен жәрдемақы алуы тиіс. Әйел екі қызын жалғыз тәрбиелеп отыр, кенжесі алтыншы сыныпта оқиды.

"Әр тиынын санап отырған отбасыларға 37 мың теңге алып, баланы мектепке киіндірудің еш зияны жоқ. БАҚ-та ақпарат шыққан соң тиісті төлемдерді біле бастадым, қалалық білім бөліміне хабарластым, сол жерден мені мектепке жіберді. Алғашында олар маған жоғарыдан ешқандай ресми бұйрық жоқ, бұл туралы хаттар да жоқ деп жауап берді. Кейін көмек барын айтты, бірақ ол кімге берілетінін анықтай алмадым", - деді әйел.


Осыдан кейін Татьяна Орал әкімінің тұрғындармен кездесуіне барып, төлемдер туралы білуге бел буған. Оны Орал қаласы білім бөлімінің орынбасары қабылдап, тыныштандырып, әйелге төлемдер тиесілі екенін, тек мектепте арыз қалдыру керегін айтқан.

"Мектепке барып, арыз жаздым. Бірақ олар ақша аудару үшін есепшотымды немесе басқа да мәліметтерді сұрамады. Бір аптадан кейін әлеуметтік қызметкер қоңырау шалып, бізге төлемдер болмайтынын айтты. Әрі қарай мені тыңдағысы келмеді. Мен сияқты қаншама танысым төлемін ала алмай жүргенін білесіздер ме? Әлеуметтік қызметкерлер төлемнің орнына кеңсе тауарларын береміз дейді. Бірақ біз бұған келіспейміз, бізге ақша берсін, біз сатып алынған заттар туралы түбіртектер көрсетіп есеп береміз", - деді алтыншы сынып оқушысының анасы.

Әйелді заңды төлемдерді алу үшін ата-ана неліктен осынша жүгіруі керек деген сұрақ мазалайды.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке қарағанда, мектеп әкімшілігінің түсініктемесіне сәйкес, Татьяна Ефремова жалпы білім беретін оқу орындарының алқалы органы айқындайтын өзге де санаттар тізбесі бойынша материалдық көмек алушылардың тізіміне енгізілген.

Кейінірек Татьяна тілшілерге қайта телефон соққан, оған мектептің әлеуметтік қызметкері хабарласып, ол төлемдер ала алатынын айтыпты.

Бұрын балаларын мектепке дайындау үшін 150 мың отбасыға қаржылай көмек берілетінін жазған болатынбыз.


Новости партнеров