|
23.06.2023 | 11:30
3533

Алматыда «Алтын белгі» түлектерін марапаттау салтанатты рәсімі қалай өтті

Биыл барлығы 14 876 түлек мектеп бітірді

Алматыда «Алтын белгі» түлектерін марапаттау салтанатты рәсімі қалай өтті Almaty.tv

Алматыда Республика Сарайы алдындағы Абай атындағы алаңда Алматы қаласының мектеп түлектерін «Алтын белгі» «ЖАС ТҮЛЕК-2023» белгісімен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алтын белгі» төсбелгісімен 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқу үздіктері марапатталады. Биыл Алматы қаласы мектептерінің 474 түлегі «Алтын белгі» жоғары марапатына ие болу құқығын растады, оның ішінде қала мектептерінің 423 түлегі және 51 республикалық мектеп түлегі (НЗМ, РФММ, Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мектеп-интернаты). 2023 жылы Алматы мектептерін барлығы 14 876 түлек, оның ішінде мемлекеттік мектептерді 12 682 түлек, жеке меншік мектептерді 2 194 түлек бітірді.

Айта кетерлігі, «Алтын белгімен» марапатталғандардың конкурс өткен кезде білім беру гранттарын алуға басым құқығы бар. Сонымен қатар биыл ғана халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль жеңіп алған мегаполис оқушылары атап өтілді.

Мерекелік марапаттау барысында түлектер шеруіне қоса мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада қонақтар алдында түлектер мен Rise шоу-балеті, «Мектеп – сағынышым» әні, Айқын Төлепберген, Alpha тобы және қазақстандық эстраданың басқа да әртістері өнер көрсетті.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімдері мен білім беру ардагерлері әр түлекке «Алтын белгі» жоғары марапатын тапсырды.

«Алтын белгі» иеленген түлектерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын, сіздер қаламыздың мақтанышы мен игілігісіздер. Сіздерге алға ұмтылып, жүректерің қалаған мамандықты алуды тілеймін. Жастардың болашақ жетістіктері елдің дамуына  зор үлес қосатындарыңа сенімдімін. Мен өнегелі ұрпақ тәрбиелеген мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс білдіремін. Барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!» - деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Салтанатты іс-шара соңында түлектер дәстүр бойынша Динайдың «Құс жолы» әнінің ырғағымен мектеппен қоштасу вальсін орындады. Бұл балалық шақтағы естеліктердің соңғы аккорды болды, оны әркім өмір бойы жүрегінде сақтайды.

Оқи отырыңыз: Қанша қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир