Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа білім беру әдістемелерін, оның ішінде сингапурлық – Marshall Cavendish әдістемесін енгізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай,биыл мамыр-желтоқсан айлары аралығында ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарын қолдана отырып, 50 PISA жаттықтырушы білімдерін жетілдіретін болады.
"Іскерлік іссапарларға жіберілген делегациялар тиімділікті арттыру үшін 12-14 сағат дайындықтан өтуде. Неліктен біз қазір 50 коуч-жаттықтырушыны әзірлеудеміз? Біз PISA көрсеткіштерін жақсарту үшін 2025 жылға дайындалып жатырмыз. Жалпы, Алматыдағы мектебіндегі білім елдегі жақсы білім екенін айтқым келеді", - деді қала басшысы.
PISA - бұл әртүрлі елдердегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын және теориялық білімді практикада қолдана білуін бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық тестілеу.
Қыркүйекте 14 PISA құзыреттілік орталықтарында табысты мектеп моделі – School Excellence Model енгізіледі. Алдағы оқу жылының басында Алматының барлық мемлекеттік мектептерінде PISA Artificial Intelligence платформасы іске асады.
PISA-2022 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша алматылық оқушылар Қазақстан бойынша бірінші орынды иеленді.
Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды