Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Білім күнімен құттықтады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Қала әкімі оқушыларға оқуда сәттілік, мұғалімдер мен ата-аналарға шыдамдылық пен табандылық тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 30 мың бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv

Әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында мектептердегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізілетінін айтты.

Б. Сағынтаев қаладағы 287 мектепке 300 мыңға жуық баланың барғанын еске салды.

«Қауіпті індеттің екінші жылға созылуына қарамастан оқу жылын офлайн форматта бастаймыз. 45 мыңнан аса мұғалім мен техникалық қызметкер вакциналаудан өтті. Мектептер барлық карантиндік шектеу талаптары ескеріле отырып дайындалды. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларының сақталуы мен сыныптағы жағдай тұрақты бақылауда болады», деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Б. Сағынтаев оқушыларға оқуда сәттілік, мұғалімдер мен ата-аналарға шыдамдылық пен табандылық тіледі.

«30 мың бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!»  деп жазды мегаполис әкімі.

Новости партнеров