Ата-аналар ҰБТ тапсыру барысын үйден онлайн бақылай алады, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Медициналық-санитарлық талаптарды қатаң сақтау бойынша, ата-аналарға немесе басқа алып жүруші тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналарға ҰБТ өту барысын тест тапсыру орындарына келмей-ақ, үйде отырып көру үшін біз онлайн көрсетілім ұйымдастырамыз. ҰБТ өткізу пункттері барикадалық ленталармен жабдықталады. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібі бойынша тест тапсырушылар арасында 2 метр қашықтықтың сақталуы қатаң қадағаланады. Пунктке кіру кезінде де арақашықтық сақтау үшін ленталар арасына тиісті нүктелер қойылуда. Бұл екі метр қашықтық ҰБТ тапсырған уақыттың ішінде аудитория ішінде де сақталады. Сондықтан, ҰБТ өткізу пункттері көлемінің тек 50%-ын толтыру арқылы тестілеу өткіземіз», – деді ол.