Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 10 күн ішінде 65 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізушілер арасында көлік қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол-қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 23-30 мамыр аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз жол" атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.
«Жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалыс ережесі бойынша 3,4 мыңнан астам құқық бұзушылық белгілі болды. Оның ішінде: 65 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғандығы анықталды. Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 399 фактісі, қарсы бағытқа шығып, құқық бұзудың – 26 фактісі белгілі болды. Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 114 жүргізуші әкімшілік тәптіпте жазаланды. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалыс ережесін бұзғаны үшін 555 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдаланғандығы бойынша 222 факті анықталды», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, көлік құралдарын мас күйінде жүргізген, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 10 жүргізуші анықталды.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шараларының екінші кезеңі 1-10 маусым аралығында өтеді.