Мектеп формасы бұрынғысынша білім берудің зайырлы сипатына сай болады, бірақ белгілі бір өзгерістер пайда болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингіне қатысқан Алматы қалалық Білім басқармасы рухани-адамгершілік тәрбие бөлімінің басшысы Нұргүл Тау оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған бұйрығын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қыздар үшін де, ұлдар үшін де мектеп формасына түймелері немесе сыдырмасы бар трикотаж кардиган/күрте, поло жейде немесе тенниска қосылған.
Ер балаларға арналған мектеп формасы:
• пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қыс мезгілінде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыз балаларға арналған мектеп формасы:
• пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте, кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мерекелік формаға (ұлдарға ақ көйлек, қыздарға ақ блузка) қойылатын талап алынып тасталды. Сондай-ақ галстук тағу енді міндетті элемент емес.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және басқа) тағуға рұқсат етіледі, сондай-ақ тігіншілер сапасы жақсартылған, тез тозбайтын, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және антистатикалық қасиеттері бар жартылай жүн және мақта матаны қолданған жөн.