|
23.05.2023 | 12:03
3272

Алматыда оқушылардың қорытынды емтиханы мен бітіру кеші қашан өтеді

Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтып берді

Алматыда оқушылардың қорытынды емтиханы мен бітіру кеші қашан өтеді kaz.tengrinews.kz

Алматы қаласының 9-сынып бітірушілер үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өтеді, ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ақпаратты ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты. Сондай-ақ ол бітіру кешін қалай өткізу ұсынылғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Қазіргі уақытта 18 мамырдан 5 шілдеге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізіледі.

Журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Жанат Айтпаева техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін 28 маусым мен 1 шілде аралығында өткізу ұсынылатынын айтты.

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектебінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынылады.

"Білім басқармасы сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады", - деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир