Ақмола облысындағы әскери бөлімде ауру жұқтырған сарбаздардың жағдайы қандай

29.08.2023 17:48

Ажар Ғинияттың мәліметінше, 41 сарбаз ауруханада стационарлық жүйеде ем алып жатыр

atpress.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмола облысындағы әскери бөлімде ауру жұқтырған сарбаздардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ажар Ғинияттың мәліметінше, қазір 41 сарбаз ауруханада стационарлық жүйеде ем алуда, ал біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған.

Айта кетейік, Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшесінің 40-тан астам қызметшісі жедел респираторлы вирусты инфекция белгісімен жұқпалы аурулар орталығына жеткізілген еді. Олармен байланыста болған 5 адамнан менингококтық, ал 5 адамнан энтеровирустық инфекция анықталған.

– Кей сарбазда менингококк инфекциясы, ал кейбірінде энтеровирус бар екені анықталды. Қазір инфекциялардың маусымы деп айтсақ болады. Ауру науқас инфекцияны өзгелерге жұқтырған. Қазір науқастармен байланыста болған, сондай-ақ ауру белгісі бар барлық адам оқшауланды, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оқи отырыңыз: Елімізде жастар жұмыссыз қалмайды