Қазақстанда білім гранттарына өтінім қабылдау басталды

vidhyarthidarpan
vidhyarthidarpan
Құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, құжаттарды қабылдау 3 тәсіл бойынша жүзеге асырылады.

Офлайн негізде – жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы құжат тапсырғанда тұрғылықты мекенжайыңызға жақын орналасқан кез келген университеттің қабылдау комиссиясына жүгінуге болады;

Онлайн негізде – шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды;

Онлайн Egov.kz порталы арқылы құжат тапсыруға болады.

Айта кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.

«Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», - дейді мамандар.

Талапкерлерден грантқа құжаттарды қабылдау түнгі уақытта да жүргізіледі.

Айта кетерлігі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейі бойынша бөлінген білім гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды.

Гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген.

Сондай-ақ педагогикалық квота бойынша гранттар саны артып, 2023 жылы 6 280 грант бөлінді. «Серпін» бағдарламасы бойынша 3 653 грант бөлінді.

Министрлік биыл 135 мың бала грантқа үміткер екенін мәлім етті.

Новости партнеров