Күн тәрізді тұтылу сағат 10-нан 11 минут өткенде байқалған
Астрофизиктер бұл құбылысты күннің сақина тәрізді тұтылуы деп атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Фесенков атындағы Астрофизикалық институт зертханасының меңгерушісі, профессор Виктор Тейфельдің сөзінше, ерекше құбылыстың максималды фазасы 27 пайызды құрап, күн дискісінің үштен бірін жапты. Күн тұтылуының толық фазасы Сауд Арабиясында, Индияда, Шри-Ланкада, Сингапурда, Малайзия мен Индонезияда толық байқалған.