Мектептерде діни ақпаратқа жол берілмейді – Аймағамбетов

30.11.2023 17:18

Мәжіліс депутаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды

elements.envato.com

Білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиянды ақпаратқа жол бермеу туралы нақты міндет бекітілді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Заң жобасында полицияда девиантты мінез-құлық бойынша тіркеуде тұрған балаларды қолдау және оңалту бойынша арнайы норма ұсынылып отыр. Басты мәселе – осы санаттағы балалардың бос уақытын қамту. Осыған орай, енді осы оқушылар проактивті форматта, яғни ешқайда барып өтініш бермей-ақ, түрлі үйірмемен және секциялармен қамтылады», - деп түсіндірді депутат Мәжілісте.

Сонымен қатар Аймағамбетов білім беру ұйымдарында діни және басқа да зиянды ақпаратқа жол бермеу туралы нақты міндет бекітілгенін атап өтті.