Алматыда 2-тоқсанда кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат етіледі

10.11.2020 17:33

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

bugin.kz

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап оқушылар саны 300 балаға дейінгі мектептердің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіруге рұсат етілді. Ал сыныптағы оқушылардың саны 15-тен аспауы тиіс. Сонымен қатар, қала мектептерінде ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат берілді. Міндетті түрде санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау қажет.