Қазақстан Президенті Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді

10.11.2020 18:01

COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 жұқтырған Украина басшысы Владимир Зеленскийдің аурудан тезірек жазылуын тіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twіtter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп қауіпті індетті жеңеміз»,– делінген ҚР Президентінің жазбасында. 

Осыған дейін Владимир Зеленскийге COVID-19 диагнозы қойылғанын жаздық.