Пандемияда мұғалімнің баға жетпес рөлі ерекше айқындалды - Аймағамбетов

api.edu.kz
api.edu.kz
Астанада ТМД-ға мүше елдер педагогтерінің VII съезі өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер педагогтерінің VII съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл съезд халықаралық мұғалімдер күніне орай өтуде. Сондықтан осы залда жиналған барлық әріптесімді, ұстаздарды төл мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Осы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына мүше елдер педагогтерінің съезі елордамызда екінші рет өтіп отыр. Осыдан 12 жыл бұрын астанамызда бірінші съезі өткен болатын. Бүгінгі съезде өте маңызды тақырыптарға талқыға саламыз. Съезд тақырыбы өте маңызды. Ол «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі білім беру үдерісінің трансформациясы» деп бекітілген болатын. Мұғалімнің баға жетпес рөлі тап осы пандемия кезінде ерекше айқындалды және еселене түсуде. Сондықтан бүгін осы маңызды тақырыпты жан-жақты талқылаймыз», - деді съезд жұмысын ашқан ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

ТМД білім министрлері конференциясының шешімімен екі жылда бір рет өткізілетін съездің бұл жолғы жұмысына еліміздің түпкір-түпкірінен 600-ден астам мұғалім, сондай-ақ достастық елдерінен 100-ден астам педагог қатысып жатыр.

Іс-шара аясында мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешен саласындағы цифрлық және баспа өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылған. Сонымен қатар қазақстандық кәсіпкерлер мен стартап оқу орындарында сабақ беру мен оқуды тиімді ұйымдастыратын ІТ-жобалар таныстырылмақ.


Новости партнеров