|
19.08.2019 | 12:40
1734

Барлық мектептерге бірдей жағдай жасалады - Сағынтаев

Ата-анасының мәртебесі мен жағдайына қарамастан барлық бала сапалы білім алуы тиіс

Барлық мектептерге бірдей жағдай жасалады - Сағынтаев

Алдағы үш жылда қаладағы мектептер мен балабақша саны артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірлескен жұмысымыздың мақсаты – «Шеті жоқ қала» қағидасы бойынша барлығын сапалы және заманауи біліммен қамтамасыз ету. Мен Алматының барлық аудандарын араладым. Түрлі мектептерді көрдім. Қала тұрғындары білім сапасын арттыруға ниетті. Сондықтан, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін қаладағы барлық мектептерде қолдану керек», - деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің форумында.  

Сондай-ақ, әкім 2013 жылдан бері қолданылып келе жатқан компьютерлік базаны жаңартып, мектептің материалдық-техникалық негізін жаңғырту қажеттігін атап өтті.

«Ол үшін білім беру басқармасына барлық мектептерде аудит жүргізіп, оларды жаңартудың үш жылдық бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттегендей, білім беру саласындағы теңсіздікті жою маңызды. Әкімдіктің басты міндеті – қаладағы барлық мектептерге бірдей жағдай жасау», - деді әкім.

Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, қаланың орталығындағы немесе шетіндегі болсын, олардың ата-анасының мәртебесі мен жағдайына қарамастан барлық бала сапалы білім алуы тиіс.

«Біздің міндетіміз – алдағы үш жылда қала тұрғындарына қолайлы жерде мектептер мен балабақшаларды кеңейту. Қала тұрғындары орталықтағы және шеттегі білім беру сапасы мен деңгейін теңестіруді ғана емес, жаңа мектептер мен балабақшалар ашуды қалайтындарын жеткізді», - деп түйіндеді Б.Сағынтаев.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир