Жоғары атаққа ие болған педагогтар 3 млн теңгеден төлем алады

kz.kursiv.media
kz.kursiv.media
Бұл туралы​ ҚР Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсембаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл мектебіндегі педагог орташа алғанда 400 мың теңгеге жуық жалақы алып отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде педагогтердің жалақысын көтеру 2020 жылдың қаңтар айынан басталды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2023 жылы аяқталады. Сонымен қатар, аттестациядан және біліктілікті арттырудан өткен біздің ұстаздар үшін қосымша төлем ескерілген. Осы қосымша төлемдер мен үстеме ақыны, жалақыны өсіруді ескере отырып, ауыл мектебіндегі педагог орташа есеппен 400 мың теңгеге тарта алып отыр», - деді Ғани Бейсембаев.

Оның айтуынша, 2021 жылдан бері 26 педагог алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК (шамамен 3 млн теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады.

«Мұнымен қоса, мемлекет үздік педагогтарға қолдау көрсетіп келеді. Үздік мұғалім атағын алған педагогтар 1 мың АЕК сомасында сыйақа алады. Бұл тұрғыда осы қадамдар жоспарлаған нәтижеге жеткізеді деп ойламын. Осы орайда мемлекет жасап жатқан қолайлы жағдайдың арқасында білімді оқушыларды тәрбиелеуге мүмкін болады», – вице-министр.

Новости партнеров