Алматыда әлеуметтік инфрақұрылым қалай дамып жатыр

01.12.2023 18:06

Жаңа мектептер салынып, колледждерге жөндеу жүргізіледі

Сурет: elements.envato.com

200 адамға арналған интернаты бар Абай атындағы 900 орындық жаңа мектеп Дарын-1 шағынауданында бой көтереді. 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау және білім беру саласын қаржыландыруды ұлғайту аясында салу жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы қалалық Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында айтты. Жаңа оқу орнының ерекшелігі -  қазақ тілін тереңдетіп оқытады. 

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаланың түрлі аудандарында жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен 8 мемлекеттік колледжде ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ал  құрылыс және халық кәсіпшілігі, сондай-ақ технологиялар мен флористика колледжі материалдық-техникалық жағынан жаңартады. Бұл мақсатқа 1,3 млрд теңге бөлінеді.

Оқушыларға қолайлы жағдай жасауда жұмыстар жүргізілуде: Нұркент шағын ауданындағы №201 мектепте 450 орындық қосымша құрылыс салу жоспарлануда, Бостандық ауданындағы Орбита шағын ауданында №145 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып келеді, басқа да рухани-білім беру нысандарын жабдықтауға қаражат бөлініп отыр.

 - Даму бағдарламасы мақсатының бірін іске асыру аясында білім беру нысандарына қолжетімділікті арттыру үшін сахна тетіктерін, үлкен концерт залына арналған дыбыстық және жарық жабдықтарын толық ауыстыру және Оқушылар сарайының балалар музыка мектебі үшін музыкалық жабдықтар мен оқу жиһаздарын сатып алуға 1,3 млрд теңге сомасында қаражат көзделген, - деді Қанат Сухамбеков.

Бұған қоса, 3 мемлекеттік мектепте «Алматы қаласы оқушыларының денсаулығын басқару» пилоттық жобасын енгізу жоспарланып отыр. Ол оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған және теңдестірілген мәзір құруға арналған. Бұл мақсаттарға 1,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Жалпы, әлеуметтік сала бюджетінің шығыс бөлігі 6,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Оқи отырыңыз: Электр қуатының тарифі өсті: Алматыда әлеуметтік өтемақы көлемі қанша болады