|
06.09.2022 | 13:10
3337

ҰБТ-2022 аяқталды: 153 түлектің тест нәтижесі жойылды

Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды

ҰБТ-2022 аяқталды: 153 түлектің тест нәтижесі жойылды egemen.kz

ҰБТ-2022 аяқталды, бірақ оның бейнежазбаларын тексеру әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 түлектің тест нәтижесі жойылды, олардың 137-сі білім беру грантының иегері.

«Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәлігін жарамсыз деп таныдық. Аталған фактілер бойынша ҰТО қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хат жолданып жатыр. Ғылым және жоғары білім форумында айтылғандай, министрлік ашықтық қағидатын ұстана отырып, академиялық адалдықты сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан біздің міндетіміз талапкерлер арасында адалдық, парасаттылық және әділдік қағидатын қалыптастыру», – деді Руслан Емелбаев.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир