Қыркүйектен бастап тағы бір саланың жалақысы көтеріледі

09.06.2023 18:14

Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берген болатын

gov.kz

Бірінші қыркүйектен бастап тағы бір сала қызметкерлерінің жалақысы өседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өседі.

Мемлекет басшысы тапсырмасымен 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өскен. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30 пайызға көбейеді.

Осылайша, еліміздегі 97 мыңнан аса педагогтің жалақысы 2,5 есе артады.

Оқи отырыңыз: Халықаралық форумда қандай мәселелер талқыланды