Биыл жаңа оқу жылында қаланың 287 мектебіне 300 мыңға жуық оқушы барады
Алматыда 1-сыныпқа 30 мыңнан астам бала барады. Бұл туралы «Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Биыл жаңа оқу жылында қаланың 287 мектебіне 300 мыңға жуық оқушы барады. Оның ішінде 30 мыңнан астамы 1-сыныпқа келетін балалар.
Жаңа оқу жылы қарсаңындағы маңызды міндеттер – балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасау, балалар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оқыту-тәрбиелеу процессін сапалы ұйымдастыру, оның ішінде балалардың білімдерін жетілдіру және психологиялық қолдау көрсету.
Осыған байланысты Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев Білім басқармасына Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментімен және Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірге мектептерде 1 қыркүйектен бастап санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.