Қазақстандық ғалымдар неге шетелге кетеді

31.08.2023 18:24

Биыл күзде Парламент қарауына «Ғылым және техникалық саясат туралы» заң жобасы ұсынылған

kazbilim.kz

Бүгін елордада өтіп жатқан конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жылда елден кеткен ғалымдарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Ғылыммен айналысатын жастағы адамдардың негізгі бөлігін шетел асып кетті. Олар кеңестік кезеңде ғылыми ұйымдар дайындаған ғалымдардың үшінші толқыны еді. Одақ ыдырағаннан кейін ғалымдар тұрақтамады. Қарапайым статистикаға сүйенсек, 1990 жылы ғылыми-зерттеу институттарының 52 000 қызметкері мен ғылыммен айналысқан профессорлық-оқытушылық құрамы ресми түрде тіркелген. 2000 жылы немесе 10 жылдан кейін 12 мыңы қалды. Нақты айтқанда 30 мыңнан астам адам жоқ, – деді Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек.

Осы орайда министр шетелге кеткен ғалымдар ғылыми жобамен табысты түрде айналысып жатқанын айтты.

– Қазақстан жоғалған кадрлық әлеуетті қалпына келтіруге кірісті. «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті бар, сондай-ақ ғалымдардың жаңа буыны өсіп келе жатыр. Біз жалақыны да, әлеуметтік пакетті де көбейтіп жатырмыз. Жаңа заңда ғалымдарға қолдау көрсету бағытында әлеуметтік қамтамасыз ету мен тиісті пакет бойынша жеке блок қамтылған,  деді ведомсво басшысы.

Биыл күзде Парламент қарауына «Ғылым және техникалық саясат туралы» заң жобасы ұсынылғанын еске салайық.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды