|
31.08.2023 | 11:05
372

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттарды таңдаған

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды ашық дереккөзден

Республикалық комиссияның шешімімен осы жылғы іріктеудің үшінші легінде 172 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттарды таңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген.

Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады.

Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендиаттар тізімімен мына сілтемеде танысуға болады.

Оқи отырыңыз: 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир