Химия ғылымдарының докторы, профессор Еренғайып Шайхутдиновтың туғанына 90 жыл толуына орай әлемнің жетекші ғалымдары Сәтбаев университетінде бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған жиынға Аустрия, Италия, Франция, Үндістан, сондай-ақ ТМД елдерінің үздік профессорлары қатысты. Конференцияның негізгі мақсаты – мамандарды оқытып, композиттік, нанокомпозиттік және полимерлік материалдарды синтездеу. Іс-шара барысында шақырылған ғалымдар полимерлі материалдардың іргелі және қолданбалы бағыттары бойынша дәріс оқыды.
– Жиын бүгінгі өте өзекті полимер, композиттік және биокомпозиттік материалдар проблемасын, жетістіктерді талқылауға арналған. Саладағы мәселелер конференцияда талқыланды, – деді техника ғылымдарының кандидаты Сана Қабдрахманова.
– Конференцияны Махатма Ганди және Сәтбаев университеттері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл – қазақстандық студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі мұндағы жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар ғылыми зерттеу жұмыстарын алысқа сапар шекпей-ақ талқылап, білімін кеңейте алады, – деді профессор Сабу Томас (Үндістан).
Оқи отырыңыз: Шатырдағы әйел: Қанат Тілеуханның кітабының тұсауы кесілді