Алматы қаласында қар жауа бастаған кезде жолдар мен тротуарлардың жүріс бөліктерінің тиісті жай-күйін сақтау үшін шаралар қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түнгі кезеңде көктайғаққа қарсы материалмен алдын ала өңдеумен жүретін бөліктерді үш рет сыпыру жүзеге асырылды. Көше-жол желісін сыпырудағы технологиялық үзіліс "қарбалас уақытта" жүктемені азайту қажеттілігіне байланысты.
Қар тазартатын коммуналдық техника қала тұрғындарының жұмысқа таңертеңгі жол жүру сағаттарындағы қозғалыс трафигін айтарлықтай шектейді.
Сонымен қатар үзіліс жүргізушілер мен жанармай құю үшін қажет.
Жолдардың жүріс бөлігіндегі жнақталған қар ерітінділері - көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарды алдын ала өңдеудің нәтижесі. Жол тазалаудың реттеуші мерзімі қар жауған сәттен бастап есептеледі.
Сағат 12:00-ден бастап жолдың жүріс бөлігін тазалауға техника шығады.
Тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазарту жалғасып жатыр.
Айта кетерлігі, көшелерді қысқы тазалау технологиясына сәйкес жолдардың жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастағаннан кейін 20-40 минут сайын жүргізіледі әрі олар жолға біраз сіңіуі тиіс. Қар қабаты пайда болған кезде жүзеге асырылады.
Материалдар 3 сағат ішінде себіледі. Асфальтқа жабыспайтын борпылдақ қар массасы пайда болғаннан кейін 3-5 сағат ішінде машиналар жиналған қарды тырмалайды және сыпырады.
Бұл технология сақталмаған жағдайда жолдарда мұз пайда болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда тәулік бойы қарды тазалау үшін кезекшілік ұйымдастырылды