Педагогтың пікірінше, қазігі заманда оқушыларды оқытудың озық әдістері пайдалану керек
Алматыдағы №69 мектептің 6 сынып оқушысы Тайра Жолдыбекова Minecraft ойынында «Алматы» телеарнасының логотипін салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқушы өзінің сыйлығын тарих пәнінің мұғалімі Болат Мұңбаев арқылы телеарнаға жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Болат Мұңбаев Minecraft балалар ойынындағы авторлық бейнесабақ өткізіп, қазақстандықтар арасында танымал болған. Ол оқушылармен бірге танымал ойында сақ қорғандарын салған алматылық мұғалім. Оның сабағы әлеуметтік желілерде кең таралып, ерекше идея оның оқушыларына ғана емес, қазақстандықтарға да ұнаған еді. Педагогтың пікірінше, қазігі заманда оқушыларды оқытудың озық әдістері пайдалану керек.