|
29.11.2023 | 13:39
593

Ашық есік күні: Алматыда студенттер ардагер прокурорлармен кездесті

Кездесу қала прокуратурасының мұражайынан басталды

Ашық есік күні: Алматыда студенттер ардагер прокурорлармен кездесті Almaty.tv

Алматы қаласының прокуратурасында бүгін студенттерге арналған ашық есік күні өтті. Онда шаһардың жетекші жоғары оқу орындарының шәкірттері жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Кездесу қала прокуратурасының мұражайынан басталды. Қонақтар заңды қадағалайтын органдардың құрылуы мен тарихы жайлы біліп, қызметтегі ерекшеліктермен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – сала мамандарының жұмысына студенттердің қызығушылығын арттыру.

– Жыл сайын Алматы қаласы прокуратурасы студенттер үшін ашық есік күнін өткізуді әдетке айналдырған. Заң факультетінде оқитын студенттер келеді. Оларды сала мамандарының жұмысымен таныстырып, осы бағытта қызмет етуіне үлес қосқымыз келеді, – деді қалалық прокуратураның департамент бастығы Жанар Ашляева.

– Маған іс-шара ұнады. Алматы қаласының прокуратурасына келіп, тарихты еске түсірдік. Ардагер прокурорлармен кездесіп, кеңесін тыңдадық. Біз үшін тәжірибе болады, – деді студент Мадина Исмағұлова.  

Оқи отырыңыз: Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру үшін бірыңғай платформа құрылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир