|
05.05.2021 | 13:40
5811

11 мыңнан аса оқушы: Алматыда ертең ҰБТ басталады

Биыл тек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткізілмек

11 мыңнан аса оқушы: Алматыда ертең ҰБТ басталады Фото: sputnik.kz

Алматыда ертеңнен бастап мектеп бітіруші түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Өткен жылы білім сынағы қаладағы 6 жоғарғы оқу орнында өтсе, биыл тек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы жылдың тағы бір ерекшелігі тест электронды форматта болады. Ол үшін жоғарғы оқу орынында 300 компьютер орны дайындалған. Білім сынағының алғашқы күнінде 590 оқушы қатысады. Одан бөлек, биыл оқушылар үшін Ұлттық біріңғай тестті екі рет тапсыруға мүмкіндік бар. Яғни мемлекеттік білім гранты үшін аз бал жинаса, маусым айында тағы бір мәрте сынақтан өтуге өтініш бере алады. Ұстаздар қаланың қызыл аймақта болуына байланысты ата-аналарға тест тапсыратын орындарға бармауын өтінеді.

«ҰБТ өту арасында балаларға 3 үзіліс беріледі. 2 минуттық, 15 минуттық және 3 минуттық. Енді балалар компьютердің алдында қадалып отырғаннан кейін үзілісте тынығып, жаттығу жасауына мүмкіндік бар. Сосын техникалық себеп деген бар. Техникалық себептерге байланысты өтініш берген кезде бағдарлама қатені анықтайды, скрин жасайды», – деді қалалық білім басқармасының бөлім басшысы Ақмарал Айтуарова.

Ұлттық біріңғай тестілеуге келген оқушыларда бетпердесінің болуы және дене қызуы қатаң тексеріледі. 1,5 метр арақышықтық сақталып, кабинеттеде арнайы желдеткіштер орнатылады. Тест тапсыратын нысан жанында дәрігерлер кезекшілігі ұйымдастырылады. Айта кетейік, биыл қалада 11 337 оқушы мектеп бітіргелі отыр.

«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тест тапсыратын уақытта ковидпен ауырып жатқан балалар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқушылар мектеп мұғалімдерімен келісу арқылы тест тапсыратын уақытты басқа күнге шегеруіне болады. Өтінім электронды форматта жүргізелді. Жалпы Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыру 90 күнге созылады», – деді  қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы  Дина Суханберлиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир