Өзгеріске ұмтылып, үй басқару ісін қолға алу қажет – Бақытжан Сағынтаев

стоп-кадр
стоп-кадр
Қайта құрылу жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғындар басқарушы және сервистік ұйымдармен, коммуналдық қызметтерді таңдап, керек болса шартқа отырып, олардың жұмыс сапасын тексеріп, жұмыстың орындалған көлемі үшін ғана ақы төлейді. Бұл туралы Бұл туралы қала әкімі Б. Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ПИК-ті қайта құру науқаны жалғасуда. Жаңа үлгідегі – Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС). Бүгінде Алматыда 375 МИБ пен 391 ЖС құрылды.

Негізгі артықшылығы сол, тұрғындар ортақ мүлікті күтіп ұстау мен оны сақтаудағы барлық қаржы-шаруашылық қызметті өздері басқарады. Тұрғындар басқарушы және сервистік ұйымдармен, коммуналдық қызметтерді таңдап, керек болса шартқа отырып, олардың жұмыс сапасын тексеріп, жұмыстың орындалған көлемі үшін ғана ақы төлейді», – деді әкім.

ПИК басқарушы әрі сервистік компанияға айналады. Қайта құрылу жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс.

«ПИК ондаған, тіпті жүздеген үйлерді басқарады. Бұл ретте қаражат барлық үйге бөлінеді. ПИК-те бір үйге тиесілі бір шот болады. Қайта құрылу жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс. ПИК басқарушы әрі сервистік компанияға айналады. Ең бастысы – өзгеріске ұмтылып, үй басқару ісін қолға алу қажет», – деді әкім.



Новости партнеров