|
02.12.2021 | 13:57
4754

Биыл Әуезов ауданы мектептерінде орын саны 600-ге артады

Спикердің мәліметінше, бүгінде ауданда 33 мемлекеттік (50 855 балаға) және 12 жеке (2505 балаға) арналған мектеп жұмыс істейді

Биыл Әуезов ауданы мектептерінде орын саны 600-ге артады пресс-служба акима Алматы

Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында жеке мектептер салу және бес мемлекеттік мектепті кеңейту туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Спикердің мәліметінше, бүгінде ауданда 33 мемлекеттік (50 855 балаға) және 12 жеке (2505 балаға) арналған мектеп жұмыс істейді. 2021-2022 оқу жылына оқушылардың жалпы контингенті – 53 360 бала.

"2020 жылы оқушы орындарының тапшылығы 4 699 орынды құрады, бүгінгі күні контингенттің ұлғаюына байланысты тапшылық 5 169 орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы 5 мектепке жапсаржай құрылысы басталды: №6, 117, 121, 132, 133, жалпы 3 600 оқушы орны бар. Қазіргі уақытта үш мектепте жұмыс аяқталды, екеуі жыл соңына дейін аяқталады", – деді Әуезов ауданының әкімі.

Сайран Сайфеденов биыл екі жеке меншік мектеп – 160 орынды АВС мектебі және 100 орынды «Кемел» ашылғанын айтты. Жыл соңына дейін тағы да екі жекеменшік мектеп – 400 орынды «Өркен» және 300 орынды Almaty-High school ашу жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 2021 жылдың соңында тапшылық өткен жылмен салыстырғанда 4 560 орынға төмендеп, 609 орынды құрайтын болады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта ауданда 7 мектепті сейсмикалық күшейтуге және күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде: №127, 9, 97, 141, 122, «Білім-инновация», №155 мектеп филиалын қайта құру. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Мектепке дейінгі білім беруге келетін болсақ, қазіргі уақытта аудан бойынша балабақшаларда тапшылық 8 047 орынды құрайды. Биыл 752 орындық 10 жекеменшік балабақша ашылды.

№23 және №186 балабақшаларда күрделі жөндеу аяқталды. Шағынауданда балабақша құрылысына ЖСҚ әзірленуде. 120 орынға арналған Алтын бесік, сондай-ақ Ақсай-2 шағынауданы, 2 үй, Ақсай-2 шағынауданы, 58 үй мекенжайларындағы бөбекжай ғимараттарының сейсмотұрақтылығын күшейту және күрделі жөндеу жобаларын әзірленеді. Нысандарды пайдалануға беру 2022-2023 жылдарға жоспарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир