Парламент Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымшылық заңын қабылдады

offerdos.com
offerdos.com
Қазақстанда рақымшылық жасау аясында 1 мың адам бостандыққа шығады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде рақымшылық жасау аясында 1 мың адам қамаудан шығады. Бүгін Сенат Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымшылық заңын қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтің сөзінше, жалпы 2 292 сотталушыға, пробацияда тұрған 11 753 адамға рақымшылық жасалады. Ал 3 881 адам пробациялық бақылаудан босатылады.

Айта кетейік, рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады. Заң бойынша аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға рақымшылық жасауға тыйым салынған.  

«Екіншіден, 1330 сотталушыға, 7492 пробацияда тұрған адамға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі тергеу өндірісіндегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады. Оның ішінде 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға сот органдары жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады», – деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар ведомство басшысы шетелде сотталып, жазасын елімізде өтеп жатқан 1 адам ғана рақымшылыққа ілігетінін айтты. Бұл санат бойынша барлығы 35 қазақстандық экстрадицияланған. Оның 31-і Ресейде істі болса, қалғандары Беларусьте және Қырғызстанда сотталыпты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта бұл құжат заң бұзған адамдарға бұрын жасаған қателіктерін қайталамай, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Бүгін біз Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған маңызды заңды қабылдадық. Рақымшылық – гуманизм актісі, заңды бұзған адамдарға қатысты мемлекеттің ізгі ниеті мен білдірген сенімі... Алдағы уақытта бұл құжат заң бұзған адамдарға бұрын жасаған қателіктерін қайталамай, жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді деп сенеміз», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Новости партнеров