Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика пәні бойынша XVI республикалық олимпиада өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінде орналасқан 16 жоғары оқу орнының студенттері қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұйымдастырушылар білім беру саласының сапасын арттыруда мұндай іс-шаралардың маңызды екенін айтады. Мақсат – студенттердің кәсіби қабілетін дамытып, дарынды жастарды қолдау.
- Елімізде болып жатқан экономикалық құбылыстар болсын, оқиғалар болсын, соның экономикалық шешімін табуға дағдылануы, зерттеу дағдысын қалыптастыру бағытында осы экономикалық бағытындағы студенттер дайындалады. Сондықтан республикалық пәндік олимпиаданың өткізілуі барлық университет үшін және жастар үшін маңызды деп ойлаймын, - дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және жоғары бизнес мектебінің деканы Лейла Бимендиева.
Оқи отырыңыз: Грантта оқыған жас мамандар қандай жағдайда бюджет шығынын қайтарады