Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры қызметіне Дархан Біләлов тағайындалды

05.06.2021 19:00

Басқарма төрағасы – ректорды сайлау 2 кезеңде өткізілетін ашық конкурс арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн

egemen.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректоры қызметіне Дархан Біләлов тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Директорлар кеңесі ұсынған кандидатуралар бойынша Республикалық комиссия мүшелері «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор лауазымына Дархан Нұрланұлы Біләловті сайлады. 

Әр жылдары Д. Біләлов Еуразия ұлттық университетінде, Солтүстік-Батыс университетінде (АҚШ) және Пенсильвания мемлекеттік университетінде (АҚШ) білім алған. Соңғы оқу орнында жоғары білім берудегі көшбасшылық бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Дархан Нұрланұлының БҰҰ ДБ, Дүниежүзілік банк, Назарбаев университеті, Пенсильвания мемлекеттік университетінде жұмыс тәжірибесі бар. 

Басқарма төрағасы – ректорды сайлау 2 кезеңде өткізілетін ашық конкурс арқылы жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Республикалық комиссияның құрамына Парламент депутаттар, салалық кәсіподақтың және «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кірді.

Бұған дейін Гүлмира Әмірханқызы Қанай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.