|
13.10.2021 | 14:06
1039

Биыл алматылық лицейдің 29 түлегі «Алтын белгі» иегері атанған

Дәл қазір бұл оқу ордасында 1672 оқушы білім алып жатыр

Биыл алматылық лицейдің 29 түлегі «Алтын белгі» иегері атанған Фото: ашық дереккөзден

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Алматы қалалық №178 мамандандырылған лицейінің 29 түлегі «Алтын белгі» иегері атанған. Дәл қазір бұл оқу ордасында 1672 оқушы білім алып жатыр. Жаратылыстану мен математика пәндері бойынша лицей атынан қатысқан 16 баланың үшеуі республикалық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Гүлнар Слямғалиева еңбек жолын 1989 жылы бастап, содан бері физика пәнінен Тәуелсіз елдің жас буынына білім беріп келеді. Ұстаз халықаралық олимпиаданың 3 жеңімпазын даярлап, бүгінде шәкірттері шетел мен еліміздің маңдайалды университеттерінде білім алып жатыр.

«Біз бар күшімізді әр баланың бойындағы қасиеттерді ашуға жұмсап, көп еңбек етудеміз. 33 жыл еңбек жолымда тек осы физика дәрісімен, білімімді балаларға беріп келе жатырмын», – деді №178 мамандандырылған лицей мұғалімі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Гүлнар Слямғалиева.

№178 мамандандырылған лицейдің педагогикалық ұжымында 174 мұғалім, оның ішінде, 1 экономика ғылымының кандидаты, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін таққан 3 ұстаз бен 4 үздік педагог жұмыс істейді. Лицей директорының сөзінше, білім іздеген жастардың дамуы ұстаз біліктілігімен тікелей байланысты. 

«Оқушылардың арасында өте жоғары деңгейде білім сапасын көрсететін оқушылармыз жеткілікті. Мысалы, әр жылы 280, былтырғы оқу жылында 239 оқушы 11-сыныпты аяқтады», – деді №178 мамандандырылған лицей директоры Қайратбек Шәдиев.

Айта кетсем, биыл Алматыда 30 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Сондай-ақ Алатау, Наурызбай және Түркісіб аудандарында 12600 орынға арналған 8 мемлекеттік мектеп салынып жатыр. Жоспар бойынша 3 жаңа мектеп жыл соңында қолданысқа берілмек. 

Оразай Нұртай, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир