Биыл елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 217 білім ошағы қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қыркүйекке дейін 98 мектеп тапсырылуы тиіс. Заманға сай салынған мектептердің басым бөлігі ауылды жерде бой көтереді. Жоспарлы жұмысты кестеден кешіктіргендер қатаң жазаланатын болады. Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрлігі мен жауапты мердігерлерге осындай талап қойды. Ұлттық жобаны жүзеге асыруда отандық өндірушілердің құрал-жабдықтары қолданылатын болады. Білім мекемелеріне заманауи техникалық құралдарды енгізу, жоғары деңгейдегі күзет қызметін енгізу қарастырылған.
– Балалар қамқорлықты сезіну керек. Сонымен қатар ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер бар екенін атап өткен жөн. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ұлттық жобаны іске асыру, әсіресе жер учаскелерін бөлу мәселелерін әділ сынға алды. Үкіметке барлық мәселені тез арада шешуді тапсырды, – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз: Астанада бірінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды