Алматыда балабақша меңгерушілері бас қосты

26.12.2023 19:20

Биыл 2200 педагог тағылымдамадан өтті

«Бала тәрбиесі – бәріміздің ортақ жұмыс». Осылай деп кәсіби міндетін жете түсінген балабақша меңгерушілері бас қосып, шетелдік тәжірибені бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлем елдерінің озық идеясын ұлттық құндылыққа негіздей отырып іске асырып жүрген Алматыдағы №187 балабақша тәрбиешілерінің айтуынша, білімді ата-аналарға беру де аса маңызды. Сол мақсатта, аталған семинарға ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің ата-аналары да қатысты. Оларды ойната отырып ойландыратын тың әдістерді ортаға салды.

– Биыл Алматы қаласының әкімдігі осы Алматыдағы бөбекжай-балабақшаларына 2200 педагогті тағылымдамадан өткізді. Ал 34 мектепке дейінгі мекеменің басшылары шетелде тәжірибе алмасты. Ұлтымыздың құндылығына кіріктіре отырып, болашақ тұлғаны қалай дамыту керек деген мақсатта осы іс-шараны өткізіп жатырмыз, – деді № 187 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Фарида Омарбекова.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Наурызбай ауданының құрылғанына 10 жыл толады