Алматыда 200 мыңдай тұрғыны бар Наурызбай ауданының 10 жылдығына арналған мерекелік іс-шара басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерейтойдың шымылдығы өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концертте ашылды. Көпшілік халық әндерін тыңдап, өзге елдің дәстүрлі билерін тамашалады. Дүйім жұрт жиналған концерттен кейін, ауданның шағын және орта бизнес кәсіпкерлері тұрғындарға арналған жаңажылдық жәрмеңке ұйымдастырды.
– 10 жылдық мерейтой құтты болсын. Тұрғындар көбейе берсін. Отандастарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Еліміз, жеріміз аман болсын, – деді қала тұрғыны Дарын Сайран.
10 жылдыққа арналған алғашқы мерекелік іс-шарада Наурызбай ауданының әкімі де болды. Барша тұрғынға құттықтау сөз айтқан ол кенже ауданның тарихы мен осы аралықта жеткен жетістіктеріне тоқталды. Халыққа ұйымдастырылған жәрмеңкені өзі де аралап көріп, балаларға арналған үйірмелердің жұмысымен танысты. Аудан әкімі қаланың экономикасын көтеруде және ауданның даму жолында бір кісідей еңбек етуге шақырды.
– Наурызбай ауданында 10 жыл бұрын ештеңе болған жоқ. Бүгінде экономикасы да, мәдениет, әлеуметтік саласы да дамып жатыр. 2024 жылы ауданның құрылғанына 10 жыл толады, – деді Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті