Алматыда бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
«Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.