Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды

Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды
30 жұмыстың ішінде үш команданың жобалары үздік деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бірінші қалалық өнертапқыштар марафоны басталды. Жаңа бастамаларға жол ашатын жобаға елдің түкпір-түкпірінен 250-ге тарта жастар келіп қатысты. Олар көлік, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру салалары бойынша өздерінің жаңа жобаларын, мобильді қосымшаларын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тәуелсіз сарапшылар хакатонға қатысушыларды 3 басты критерий бойынша сынады: идея, оның жүзеге асырылуы және жоба презентациясы. Қатысушыларға тапсырмаларды орындауға 24 сағат берілді.

«Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңыз бізге ауадай қажет. Бұл іспен жастардың айналысып жатқандығы да аса қуантады. Қала үшін маңызды жобалардың шешіміне осы жерден табамыз деп сенеміз. Қала сіздердің жаңа жобаларыңызды жүзеге асыруға дайын», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

«Salem Tourist» жобасымен танылған HCK50 (эйч си кей фифти) командасы -  бірінші қалалық хакатон жеңімпазы атанды. Almaty SmartCity Challenge қала әкімінің жүлдесі 3 командаға берілді. Осылайша, шараға қатысушылар жаңа цифрлық сервистер мен өнімдерді, өздерінің пилотты жобаларын іске асыру мен енгізу мүмкіндіге ие болды

«Жарысқа қатысушылар көп болды. Мына орталық 250 адамға шақталғандықтан, тапсырыс беру уақытын ертерек аяқтауға тура келді. Қатысушылар еліміздің бірнеше қалаларынан келіп қатысты. Хакатонға 5 тәуелсіз сарапшы қатысады. Хакатон жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар беріледі: бірінші орын - 1,5 млн теңге, екінші орын - 1 млн теңге, үшінші орын - 500 мың теңге», – деді «Алматыны дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олег СЕК.

Новости партнеров