Б. Сағынтаев: Балалардың шығармашылық және спорттық бағытын дамытуға бюджеттен қаржы бөлінді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жергілікті бюджет есебінен 33 спорт алаңы жаңартылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы мектептері постковидтік  кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қосымша білім беру ұйымдары балаларды дәстүрлі форматта оқытуды 15 қыркүйектен бастайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту үшін қолданыстағы мектептен тыс ұйымдар модернизациялануда. Мысалы, өткен жыл №5 балалар музыкалық мектебінің ескі нысаны сүріліп, оның орнына жаңа заманауи ғимарат салынды. Биыл тағы 3 Оқушылар үйін жаңарту жұмыстары басталды, қазір жобалық сметалық құжаттарды дайындау кезеңі жүріп жатыр.

Биылдан бастап Алатау мен Наурызбай аудандарында 2 заманауи көпсалалы инновациялық шығармашылық Орталықтардың құрылысы басталады, қолданыстағы Оқушылар сарайы жаңартылып жатыр.

«Сонымен қатар, біз осы саладағы жеке сектормен ынтымақтастықты күшейту туралы шешім қабылдадық және мектептен тыс жеке ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлдік», – деді Б.Сағынтаев.

Осы мемлекеттік тапсырыс аясында 5 мың орын бөлінеді, оның ішінде музыкалық бағытқа 600 орын және 4 мыңнан астам орын туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, ғылыми-техникалық, көркемдік және басқа да бағыттар бойынша.

Бұл ретте қосымша білім беру тек білім беру желісі арқылы ғана емес, бұл іске Мәдениет және Спорт басқармалары да  белсенді түрде қатысуда.

Осыған байланысты білім беру тапсырысымен қатар 8750 орынға мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орындауға жергілікті бюджеттен де қаржы бөлінді.

Жайлы жағдай жасау және балаларды спортқа тарту үшін жергілікті бюджет есебінен де, жеке инвестиция тартумен де мектептердің спорт алаңдары жаңартылып жатыр.

Бүгінгі таңда МЖӘ аясында 2 спорт алаңын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды және 8 алаңда жұмыс жалғасуда. Жергілікті бюджет есебінен тағы 33 спорт алаңы жаңартылып жатыр, осы мақсаттарға 1 млрдқа жуық теңге бөлінді. Қабылданған шаралар  мектептен тыс ақысыз біліммен  балаларды кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.

Новости партнеров