|
02.11.2023 | 14:35
401

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріле ме

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов айтып берді

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріле ме primeminister.kz

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру - әлемде бар тәжірибе. Көп елде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс істеген, дәрежесі бар ғалымдар осындай мүмкіндік беріледі. Осы орайда бізге әріптестерімізді қолдау маңызды. Ғалымның сабақ бергені жақсы, әрине, бірақ оқытушылық пен ғылымды бірге алып жүру өте қиын. Ғалымның жұмыс орны сақталып қалады, демалысты 1 жылға дейін алуға болады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Халық қалаулысының айтуынша, ғалымдар тек оқытушылықпен айналысса, ғылымнан алшақтап қалады.

«Себебі оқытушының ғылыммен айналысуға уақыты жоқ, жүктемесі жоғары. Сондықтан ғалымдарға академиялық демалыс беруді енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл мүмкіндік барлық ғалымға бірдей берілмейді. Сондай-ақ, демалыстағы ғалымға белгілі бір көлемде ақы төлеу жағын да қарастырып отырмыз», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Әділет министрлігінде бірнеше заң жобасы бойынша Үкімет қорытындысы қаралды. Аталған шараға Әділет министрі Азамат Есқараев және Мәжіліс депутаттары қатысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир