Еріктілер Қосановтың үнпарақтарын Нұр-Сұлтандағы әрбір үй мен сауда орталықтарына таратылып жүр

Еріктілер Қосановтың үнпарақтарын Нұр-Сұлтандағы әрбір үй мен сауда орталықтарына таратылып жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының  президенттігіне үміткер  Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы Елордада үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Штаб өкілдері бағдарламаның негізгі бағыттары жазылған үнпарақтарды таратып, барынша көп адамға жеткізу үшін бұл іске еріктілер мен жергілікті белсенді жастар да тартылды. Бұл жолы мақсатты нысан ретінде астаналық сауда үйлер таңдалыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Әрбір адамға жеке уақыт бөліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі, президенттікке таңдау деген – әр адамның жеке таңдауы. Адамдардың көбі базарда болғандықтан, осы жерлерді аралап жүрміз. Себебі, аз уақыт қалды», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының мүшесі Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ.

Үгіт-насихат жұмыстарына берілген мерзімнің екінші аптасы енді басталды. Әміржан Қосановтың республикалық штабы тек үнпарақ таратумен шектелмей, өзге де шараларға күш салуды көздеп отыр. Ал, еріктілер мен белсенді жастар бағдарламаның сайлаушыға қызық болады ау деген  тұстарын түсіндіруді де өздеріне міндет етті.  

«Нұр-Сұлтан қаласының жастары Әміржан Қосановтың штабына ерікті болып кіріп, қазір үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халқы көп жерлерге барып кандидатымыздың парақтарын таратып, Әміржан Қосанов Президент болса Қазақстанды не күтетінін, түсіндіріп жүрміз», – дейді ерікті НҰРЖОЛ МҰСАҒАЛИЕВ.

Новости партнеров