Мұғалімдердің жалақысын әрі қарай өсіру процесі жалғасады – Білім министрі

bilimdinews.kz
bilimdinews.kz
Министр Үкіметте «BILIMDI ŪLT баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылдан бастап толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Министр Үкіметте «BILIMDI ŪLT баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын таныстырды. Жоба аясында бір жағынан қала мен ауыл және өңірлер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту, екінші жағынан жалпы республиканың білім сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қарастырылады деп отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтардың жалақысын әрі қарай өсіру мәселесі қамтылды. Оқулықтарды әзірлеу және оларға сараптама жүргізуге жаңа тәсілдер әзірленеді, педагогтарды кәсіби дамыту жүйесі жетілдіріледі», – дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, пандемияға және алдыңғы оқу жылындағы қашықтан оқытуға байланысты «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру ұлттық жобаға енгізілді. Қазіргі уақытта білім саласындағы тәрбие жұмысының маңыздылығын ескере отырып, «Құндылықтарға негізделген білім беру» тәрбие жобасын іске асыру, мектеп пен ата-ананың өзара қарым-қатынасы жүйесін жетілдіру, өзін-өзі басқару, дебат қозғалыстарын одан әрі дамыту сияқты жобалар да қарастырылған екен.

«Бұған қоса 2023 жылдан бастап толық жинақталған ауыл мектептерін жан басына қаржыландыруға біртіндеп көшіру жоспарланған. Бұл да қала мен ауыл мектептері арасындағы сапа алшақтығын шешуге мүмкіндік береді», – дейді министр.


Новости партнеров