|
25.08.2023 | 14:43
2097

Мектепке жол: Алматыдағы Медеу ауданында қайырымдылық акциясы басталды

Медеу ауданында 4 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Мектепке жол: Алматыдағы Медеу ауданында қайырымдылық акциясы басталды Almaty.tv

Алматы қаласының Медеу ауданында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау. Игі іс-шара аясында оларға мектеп формасын алу үшін сертификат табыс етіліп, оқуға қажет құралдар толы мектеп сөмкесі берілді. Сондай-ақ әкімдік өкілдері бұдан бөлек тағы 600 оқушыға қосымша көмек көрсетілетінін айтты.

– Биыл жаңа оқу жылында Медеу ауданында 4 мыңға жуық бала 1-сынып табалдырығын аттап отыр. Ішінде 1213 баланы жергілікті бюджет есебінен «Мектепке жол» республикалық акциясында мектепке дайындық жұмыстарын жүргіздік. Бүгін концерттік бағдарламамен, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мектепке қажетті кеңсе тауарын табыстағалы отырмыз, – деді Медеу ауданы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев.

Оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир