Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын – Тоқаев
Nur Otan партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Президент қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келе жатқанын атап өтті. Оларға айрықша қамқорлық керек. Осы орайда Үкіметке нақты қажеттіліктер мен заманауи стандарттарды ескере отырып, қаржыландыру нормативтерін жаңарту бойынша шара қабылдау тапсырылды.
«Nur Otan партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді. Қазірден бастап осы жұмысқа кірісу керек. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41