Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған
«Әкеге қарап ұл өсер». Алматыдағы №177 жалпы білім беретін мектепте осындай тақырыпта әкелер мен балалардың сайысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, аталған бағдарлама биылғы оқу жылынан бастап жүзеге асып келеді. Ондағы мақсат – ұлттық құндылықты дәріптей отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
– Байқау балаларды жан-жақты дамытуға, әкесімен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Бала тәрбиесі – өте өзекті мәселе. Кез келген мемлекеттің тұтқасын ұстайтын – бүгінгі жас ұрпақ. Жас ұрпақты тәрбиелеу – ортақ міндетіміз, – деді №177 жалпы білім беретін мектептің директоры Тұрсын Таңатов.
Оқи отырыңыз: Алматының 13 педагогі мектеп директорларының республикалық кадрлық резервына енді