|
29.12.2022 | 16:09
654

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді

Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды ruh.kz

2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілі, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілі кірді.

Магистратураға қысқы конкурстың қорытындысы шығарылды.

26 желтоқсанда Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста комиссия конкурсқа қатысушылардың барлығының тестілеу нәтижелерін олардың балдарына сәйкес қарады.

Кешенді тестілеу 28-1 желтоқсан аралығында компьютерлік форматта өтті. Магистратурада білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 6-12 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды.

Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2029 адам қатысты.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу сертификатының балына сәйкес конкурстық негізде берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегерлері атанды, оның ішінде бейіндік магистратура бойынша 100 грант.

Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир