Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай оқу жоспары қабылдануы мүмкін екенін айтты
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай оқу жоспары қабылдануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік жаңа оқу жылының басталуына үш негізгі нұсқа қарастырып отыр.
«1. Қашықтан оқыту. Бұл нұсқа педагогтардың және оқушылардың өмірі мен денсаулығына белгілі бір деңгейде төнетін қауіпке байланысты қабылданады.
2. Қашықтан оқытудың аралас нұсқасы. Бұл белгілі бір сыныптарға ғана енгізіледі. Мұнда шектеулер болуы керек, мысалы: мектептерде міндетті түрде термометрия, санитайзер, әлеуметтік қашықтық, сабақ уақытын қысқарту, кабинеттік жүйені жою және басқалары. Бұл нұсқада өте қатаң санитарлық нормалар мен талаптар қолданылуы керек. Бірқатар ел осы жүйені таңдады.
3. Қатаң санитарлық шектеулер сақталған штаттық режим. Бұл күндізгі оқу бөлімінде білім алатын балаларға арналған, бірақ бұл ретте үзіліс бойынша, сыныптардағы оқушы саны, қосымша ауысулар, кабинеттік жүйені жою бойынша, тіпті асханаға кіру кестесіне шектеу қолданылады. Бұл нұсқа да көптеген елде қабылданды», – деді министр онлайн-брифингте.
Аймағамбетов «жақын күндері министрлік жаңа оқу жылында оқытудың базалық нұсқасы қандай болатынын анықтайтынын» атап өтті. Бұл ата-аналар мен қоғамның неге дайын болу керегін білу үшін қажет.
«Төтенше ештеңе болмаса, біз осы күндері қабылданатын негізгі нұсқаны ұстанамыз. Дегенмен эпидемиологиялық жағдай өте тез өзгеріп жатыр. Бізге, білім беру жүйесіне барлығына дайын болу керек. Егер оқу жылын онлайн режимде бастаймыз деген болжам болған жағдайда да, бұл жыл соңына дейін жалғасады деп ешкім айтпайды. Сондықтан мектептер дайын болуы керек және балалар да оқуға барады. Ал олар мектепке барғанда, тиісті жағдай болуы тиіс», – деді ведомство басшысы.Аймағамбетов барлық үш нұсқаға дайын болуымыз керегін айтты.